Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 25 сәуірде «Мемсараптама» РМК аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдау аясында ұйымдастырылған сенбілік өтті.
Экологиялық акцияға кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Сенбілік барысында аумақты тазалау және абаттандыру, қоқысты шығару, сондай-ақ кеңсе ішін ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізілетін осындай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаның жай-күйіне жауапкершілікті арттыруға және ұжымның корпоративтік рухын нығайтуға ықпал етеді.