Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК-да 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша жұмыс қорытындылары шығарылды.
2026 жылдың бірінші тоқсанында кешенді қала құрылысы сараптамасы шеңберінде әртүрлі деңгейдегі 30 бірлік қала құрылысы құжаттамасы қаралды.
1 қала құрылысы жобасы бойынша теріс қорытынды берілді, 29 қала құрылысы жобасы бекітуге ұсынылды, оның ішінде:
• өңірлік маңызы бар 2 қала құрылысы жобасы;
• елді мекендердің 16 бас жоспары;
• 12 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы.
Кешенді ведомстводан тыс сараптама шеңберінде жалпы мәлімделген құрылыс құны 7 663 млрд теңгені құрайтын 715 бірлік құжаттама қаралды.
174 құжаттама бойынша құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптаманың теріс қорытындылары берілді.
Жалпы сметалық құны 6 749 млрд теңгені құрайтын 541 жобалық-сметалық құжаттама бекітуге ұсынылды.
Сараптама нәтижесінде құрылыс құны 922 млрд теңгеге үнемделді, оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша 314 млрд теңге үнемделді.