Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасының әкімшілік бөлімі бас маманының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

2026-04-24
«Мемсараптама» РМК әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасының әкімшілік бөлімі бас маманының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Мемсараптама» РМК әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасының әкімшілік бөлімі бас маманының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

1) Бос лауазымның атауы – «Мемсараптама» РМК әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасы әкімшілік бөлімінің бас маманы.
2) Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК) (бұдан әрі – Кәсіпорын), Астана қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат, тел.: 23-50-28.
3) Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні және уақыты – құжаттар 2026 жылғы «30» сәуірді қоса алғанда сағат 18.00-ге дейін aidrisova@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайына ұсынылуы тиіс.
4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес айқындалатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар.
Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы:

Бөлімшеге жүктелген міндеттерді тиімді орындау.
Білімге қойылатын талаптар: «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім.
Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. қойылатын талаптар: біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болғаны жақсы.
Мамандығы бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
мамандығы бойынша не лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
- Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері;
- азаматтық заңнаманың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негіздері;
- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары;
- Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары;
- Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы;
- осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- қарапайым сауаттылық;
- төзімділік;
- жинақылық;
- ВКСБАЖ-да жұмыс істеу дағдылары;
- жоғары жұмыс қабілеттілігі.
Функционалдық міндеттер:
1) аудармалардың түпнұсқалар лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнына дәл сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, құжаттар мәтіндерінің, сондай-ақ басқа да қызметтік құжаттардың аудармасын, пайдаланылатын ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қатысты белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
2) Кәсіпорын басшылығының тапсырмаларын, бұйрықтарын, өкімдері мен нұсқауларын сапалы және мерзімінде орындау;
3) жұмыскерлердің біреуі уақытша болмаған жағдайда оның міндеттерін орындау;
4) ұсынылған құқықтарға сәйкес Кәсіпорынның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының бірыңғай ақпараттық жүйесінде (ВКСБАЖ) жұмыс істеу және қажетті ақпаратты уақытында енгізу;
5) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының, Кәсіпорынның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының, Кәсіпорын жұмыскерлерінің мүдделері қақтығысы туралы ереженің және Кәсіпорынның парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің талаптарын сақтауға міндетті;
6) Кәсіпорын және бөлім басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш;
2) қоса беріліп отырған нысан бойынша қызмет тізімі;
3) жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат);
4) білім туралы құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) түйіндеме.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК-ің жұмыс істеп жүрген жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына өтінішті (еркін нысанда) Жобаларды ведомстводан тыс кешенді сараптаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.
Ішкі іріктеу қорытындысы бойынша бос лауазымға орналасуға үміткер анықталмаған жағдайда сыртқы конкурстық іріктеу жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) 2026 жылғы «04» мамыр – үміткерлердің өтінімдерін қарастыру;
2) 2026 жылғы «05» мамыр – үміткерлермен әңгімелесу;
3) 2026 жылғы «05» мамыр – конкурс қорытындысы.
Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық құжаттармен оларға қатысты бөлігінде таныса алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс нәтижелеріне шағымдануға құқылы.