Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жобаларды сараптау кезінде ТИМСО қолдану міндетті болады

2026-04-22
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жобаларды сараптау кезінде ТИМСО қолдану міндетті болады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы №114 бұйрығымен құрылыс объектілерін құру және пайдалану кезінде құрылыс объектілерінің ақпараттық модельдеу технологияларын (ТИМСО) міндетті түрде қолданылатын объектілердің тізбесі бекітілді.
Аталған бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және жобалау кезінде ТИМСО-ны міндетті түрде қолдануға кезең-кезеңімен көшу көзделген.
Бекітілген тізбеге сәйкес:
• 2026 жылғы 1 тамыздан бастап ТИМСО келесі объектілер үшін міндетті болады:
• сыйымдылығы 600 оқушыдан кем емес жалпы білім беретін мектептер (гимназиялар, лицейлер);
• әуежайлар, жолаушылар терминалдары және өзге де авиациялық инфрақұрылым объектілері;
• теміржол және автомобиль жолдарының тоннельдері, метрополитендер;
• барлық санаттағы жолдардағы ұзындығы 100 метр және одан асатын көпір құрылыстары;
• бірегей құрылыс объектілері.
Бұйрықтың толық мәтіні келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://adilet.zan.kz/rus/docs/G26IS000114
Аталған талаптарды енгізу жобаларды сараптау рәсімдеріне тікелей әсер етеді. Бұйрықтың қолданылу аясына кіретін объектілер бойынша жобалық құжаттама СП РК 1.02-117-2018 талаптарына сәйкес ұсынылуы тиіс. ТИМСО бойынша нормативтер тізбесі Qportal порталында қолжетімді.
Бұйрықтың қабылдануы жобалау сапасын арттыруға, процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге және құрылыс объектілерінің өмірлік циклін басқару тиімділігін арттыруға бағытталған.