Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары «Мемсараптама» РМК филиалында талқыланды

2026-04-21
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары «Мемсараптама» РМК филиалында талқыланды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары «Мемсараптама» РМК филиалында талқыланды

Батыс өңірі бойынша «Мемсараптама» РМК филиалында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға филиал директоры К.Ж. Мыктыбаев және Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқармасының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің бас маманы Жамбыл Курманов қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету шаралары қарастырылды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйелі тәсілді және мемлекеттік органдар мен қоғамның белсенді қатысуын талап ететіні атап өтілді.
Сондай-ақ заңнаманы сақтау, әр қызметкердің жеке жауапкершілігі және адалдық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты. Филиал ұжымы Жамбыл Курмановқа түсіндіру жұмыстары үшін алғыс білдірді.