Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Алматы қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға оң қорытынды берілді

2026-04-17

«Мемсараптама» РМК «Алматы қаласы, Алатау ауданы, Саялы шағынауданы мекенжайында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу» жобасына оң қорытынды берді.
Жоба қаланың спорттық инфрақұрылымын дамытуға және бұқаралық спорт пен дене шынықтырумен айналысуға заманауи жағдайлар жасауға бағытталған. Нысанды іске асыру спорттық қызметтердің қолжетімділігін арттырып, Алатау ауданы тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
Жобаға сәйкес, кешен құрамында әртүрлі спорт түрлеріне арналған залдар қарастырылған: спорттық және көркем гимнастика залдары — әрқайсысы 80 орыннан; каратэ (таэквондо), бокс, грек-рим және еркін күрес, дзюдо залдары — әрқайсысы 34 орыннан, сондай-ақ 41 орынға арналған әкімшілік үй-жайлар көзделген. Аталған үй-жайлардың жалпы сыйымдылығы 473 орынды құрайды, қосымша 136 көрерменге арналған орын қарастырылған.
Сондай-ақ 112 орынға арналған су спорты түрлері залы және 204 көрерменге арналған трибуналар жобаланған.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің өткізу қабілеті бір ауысымда 408 адамды құрайды, ал бір мезгілдегі сыйымдылығы — 821 адам.
Жобаның тапсырыс берушісі — «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» КММ.
Бас жобалаушы — «КАПРЕМПРОЕКТ» ЖШС.