Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Беларусь Республикасы делегациясы «Мемсараптама» РМК-на барды

2026-04-16

2026 жылғы 13–15 сәуір аралығында «Мемсараптама» РМК-на жұмыс сапарымен Беларусь Республикасы — «Главгосстройэкспертиза» РУП делегациясы келді.
Сапардың мақсаты құрылыс саласын цифрландыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және өзекті мәселелерді талқылау болды. Кездесу барысында тараптар сараптама қызметінде жасанды интеллектіні енгізу және пайдалану тәжірибесін, сараптама порталының дамуы мен функционалдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ құрылыс нысандарын жобалау және сараптау кезінде ақпараттық модельдеу технологияларын (BIM) қолдану мәселелерін қарастырды.
Сондай-ақ саланың негізгі цифрлық құралы ретінде Qportal Бірыңғай құрылыс порталын дамыту мәселелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрылыс саласын кешенді цифрландыруға ерекше назар аударылды. Қатысушылар цифрлық шешімдерді интеграциялау, рәсімдердің ашықтығын арттыру және құрылыс процесіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру тәсілдерін талқылады.
Бұдан бөлек, кездесулер барысында ақпараттық қауіпсіздік мәселелері және заманауи цифрлық құралдарды енгізу арқылы процестердің тиімділігін арттыру мәселелері қозғалды.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, цифрландыру және сараптама саласындағы озық тәжірибелермен алмасуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға бағытталған серіктестік қатынастарды одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді.