Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (заңгер, мемлекеттік сатып алу) бос орнына орналасуға конкурс жүргізу туралы хабарландыру

2026-04-09
«Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының  әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (заңгер, мемлекеттік сатып алу) бос орнына орналасуға конкурс жүргізу туралы хабарландыру

1) Бос орынның атауы – әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (заңгер, мемлекеттік сатып алу).
2) Орналасқан жерін, почталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Солтүстік өңірі бойынша филиалы (бұдан әрі - филиал), Көкшетау қаласы, Р.Қошқарбаев көшесі, 61А-ғимарат, тел.: 8 (7162) 55-10-14.
3) Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні және уақыты – құжаттар 2026 жылғы «15» сәуір сағат 18.00-ге дейін bayazitova.i@list.ru электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс.
4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларға сәйкес белгіленетін конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар.
Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы:
- Филиал қызметінің заңдылығын сақтауды және оның құқықтық мүдделерін қорғауды, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Білімге қойылатын талаптар: заң мамандықтары бойынша жоғары кәсіптік білім.
Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар.
Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл не лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Басшы позицияларында: талап етілмейді.
Лауазымдық мендеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
- ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі»;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі;
- «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы;
- ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы;
- ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;
- ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
- ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы;
- азаматтық заңнама негіздері;
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негіздері;
- Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негіздері;
- «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары»;
Кәсіпорынның ішкі құжаттарын білу:
- Кәсіпорын Жарғысы;
- корпоративтік мәдениет кодексі;
- кәсіпорынның сараптамалық қызметін реттейтін кәсіпорынның бұйрықтары, өкімдері және өзге де ішкі құжаттары;
- бөлімше туралы ереже;
- осы лауазымдық нұсқаулық;
- осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті ішкі құжаттар.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- статистикалық және есептік деректермен аналитикалық жұмыс, нақты іс-әрекеттер жоспарларын болжау және әзірлеу дағдысы;
- өзекті ақпаратты жинау және жүйелеу, қойылған міндеттерді орындау барысында басымдықтарды қою дағдылары;
- шешімдерді жедел қабылдау және іске асыру, жаңа жағдайға бейімделу және туындаған проблемаларды шешудің жаңа тәсілдерін қолдану дағдылары;
- іскерлік хат жазу, компьютерлік және басқа да ұйымдастыру техникасын, сондай-ақ қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану дағдылары.
Функционалдық міндеттері:
1. филиал қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
2. құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа органдарда белгіленген тәртіппен филиалдың мүдделерін білдіру;
5. шағымдар мен сот істерін қарау нәтижелеріне талдау және жалпылау жүргізу;
4. талап-арыз жұмысын және дебиторлық берешекпен жұмысты жүргізу;
5. басшылықтың тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер бойынша филиалдың құжаттарын әзірлеу және дайындау;
6. филиал қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қызметкерлерге кеңес беру;
7. филиал қызметкерлері арасында құқықтық білімді насихаттау, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жұмыс жүргізу;
8. бекітілген жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды орындау;
9. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыру, сондай-ақ өзгерістер мен түзетулер енгізу;
10. Мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
11. Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде қажетті барлық рәсімдерді жүзеге асыру:
- қойылған талаптарға сәйкес құжаттарды уақтылы және сапалы дайындау;
- шарттарды әзірлеу, шарттарды жасасу және орындау бойынша жұмыс жүргізу және оларды есепке алу;
- барлық конкурстық рәсімдерді бақылауға, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушыларға уақтылы әрекет етуге;
12. ұсынылған құқықтарға сәйкес ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу;
13. еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтау;
14. бәсекелестікке жатпау және құпия ақпаратты жария етпеу туралы шарттың сақталуы;
15. ақпараттық қамтамасыз ету және бірыңғай ақпараттық кеңістік құру жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау;
16. кәсіпорын Жарғысында, Филиал туралы ережеде, өндірістік мәселелер бойынша филиалдың ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды орындау.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
- «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш;
- жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат);
- білімі туралы құжаттың көшірмесі;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- түйіндеме;
- басқарушылық функцияларды орындауға байланысты лауазымға сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК-нің жұмыс істеп тұрған жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына Жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы өтініш (еркін нысанда) береді.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) 2026 жылғы «16» сәуір – кандидаттардың өтінімдерін қарау;
2) 2026 жылғы «17» сәуір – кандидаттармен әңгімелесу мен конкурс қорытындылары.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.