Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы «Мемсараптама» РМК Ресей Федерациясының ФАУ «Главгосэкспертиза России» мекемесімен бірлесіп «Жобалық шешімдердің нормативтік талаптарға сәйкестігін тексеруді автоматтандыру. Сараптама қызметінде жасанды интеллект құралдарын қолдану» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара онлайн форматта өтіп, сараптама ұйымдарының өкілдерін біріктірді. Олардың қатарында Қырғыз Республикасы Құрылыс министрлігі жанындағы Мемлекеттік сараптама департаменті, «Главгосстройэкспертиза» РУП (Беларусь Республикасы), ФАУ «Главгосэкспертиза России» (Ресей Федерациясы), Түрікменстанның Құрылыс және сәулет министрлігі қатысты.
Қатысушыларға құттықтау сөз сөйлегендер: «Мемсараптама» РМК-нің бас директорының цифрландыру жөніндегі орынбасары Саламат Серікқалиев және ФАУ «Главгосэкспертиза России» басшысының бірінші орынбасары Вадим Андропов. Олар өз сөздерінде сараптама тиімділігі мен сапасын арттыру үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект құралдарын енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Дөңгелек үстелдің бірінші бөлігінде Armeta.kz компаниясының сараптама қызметінде, атап айтқанда жобаларды алдын ала сараптау кезеңінде жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктеріне арналған баяндамасы ұсынылды.
Екінші бөлімде ФАУ «Главгосэкспертиза России» өкілдері — Дмитрий Рашин мен Алексей Иванов баяндама жасап, сараптама қызметінде жасанды интеллектті практикалық қолдану және деректермен жұмыс істеу бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін қарастырды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларын енгізудің қолданыстағы тәсілдерін, сондай-ақ оларды сараптама қызметінде одан әрі қолдану перспективаларын талқылады.
Іс-шара құрылыс сараптамасын цифрландыру саласында тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін тиімді алаңға айналды.