Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының Дәулет және Маңғыстау ауылдарында әрқайсысы 1200 орындық екі жалпы білім беретін мектептің құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы берілді.
Жобаларда заманауи орта білім беру мектептерін салу қарастырылған, олардың әрқайсысы 1200 оқушыға арналған. Әр мектеп ғимараты үш қабатты болып жобаланған. Нысандар Мұнайлы ауданы аумағында, оның ішінде Дәулет ауылы мен Бесшоқы тұрғын үй алабында (соның ішінде Жаңа Дәулет тұрғын алабы) іске асырылады.
Жобаға сәйкес мектептердегі оқу процесі жалпы екі ауысымдық жүйе жағдайында 1200 оқушыны бір ауысымда оқыту мүмкіндігімен ұйымдастырылады. Білім беру процесі үш деңгейлі білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады:
• I деңгей — мектепке дейінгі және бастауыш білім беру (0–4 сыныптар);
• II деңгей — негізгі орта білім беру (5–9 сыныптар);
• III деңгей — жалпы орта білім беру (10–11 сыныптар).
Жобаларда бастауыш және орта буындағы оқушыларды бір ауысымда 100% қамту, сондай-ақ жоғары сынып оқушылары үшін жағдай жасау көзделген.
Аталған жобаларды іске асыру Мұнайлы ауданында оқу орындарына деген қажеттілікті айтарлықтай жақсартуға, қолданыстағы мектептерге түсетін жүктемені азайтуға және өңір балалары үшін сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Тапсырыс беруші: «Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.
Бас жобалаушы: «Archiline LTD» ЖШС.