Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
Жиналыс барысында өткен жылы атқарылған іс-шаралар, негізгі жетістіктер қарастырылып, бірлестіктің қызметінің негізгі қорытындылары шығарылды.
Қалалық салалық кәсіподақ филиалының төрайымы Мадьярова Тлеулес Балташевна құттықтау сөз сөйлеп, әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ өз сөзінде спикер биылғы жылы салалық кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде цифрландыру мәселесіне тоқталды.
Жиналыс аясында өңірлік филиалдардың жұмысы бойынша есептік баяндамалар тыңдалды, оның ішінде:
• Оңтүстік өңір бойынша филиал;
• Жетісу және Алматы облыстары бойынша филиал;
• Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша филиал.
Сондай-ақ кәсіподақ төрағасы Шапатин Ербол Амангелдіұлының баяндамасына ерекше назар аударылды. Ол 2025 жылдағы кәсіподақ қызметі бойынша толық есеп ұсынып, Кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелерін қамтыды.
Жиналыс қорытындысы бойынша қоғамдық бірлестіктің есепті кезеңдегі жұмысы қанағаттанарлық деп танылып, сондай-ақ бірлестік қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған алдағы міндеттер айқындалды.