Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК және «Атамекен» ҰКП Құрылыс бірыңғай порталының жұмысы бойынша онлайн-кеңес өткізді

2026-04-01

2026 жылғы 1 сәуірде «Мемсараптама» РМК «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Құрылыс бірыңғай порталының жұмыс істеу мәселелеріне арналған онлайн-кеңес өткізді.
Іс-шара бейнеконференция форматында өтіп, оған 300-ден астам қатысушы қатысты. Кеңес жұмысына «Мемсараптама» РМК орталық аппаратының қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сондай-ақ құрылыс саласының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында Құрылыс бірыңғай порталының жұмыс істеуінің өзекті мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, оны қолданудың практикалық аспектілері, пайдаланушылар тарапынан туындайтын сұрақтар және цифрлық құралды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды.
Сонымен қатар, кеңес барысында «Мемсараптама» өкілдері Құрылыс бірыңғай порталының функционалын таныстырып, жүйелердің «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеу себептерін түсіндірді.
Осындай іс-шараларды өткізу бизнес қоғамдастықпен сындарлы диалогты дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ құрылыс саласындағы үдерістердің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.