Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК комплаенс қызметінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

2026-03-30
«Мемсараптама» РМК комплаенс қызметінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

1) Бос лауазымның атауы – «Мемсараптама» РМК комплаенс қызметінің бас маманы.
2) Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК), Астана қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат, тел.: 23-50-28.
3) Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні және уақыты – құжаттар 2026 жылғы 30 наурыздан 03 сәуірді қоса алғанда сағат 18.00-ге дейін aidrisova@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайына ұсынылуы тиіс.
4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес айқындалатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар.
Лауазымның мақсаты мен бағыты:
Бөлімшеге жүктелген міндеттерді тиімді орындау.
Білімге қойылатын талаптар: заң/техникалық/экономикалық мамандықтар бойынша жоғары кәсіптік білім.
Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. қойылатын талаптар: біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болғаны жақсы.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 3 жыл.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік Кодексi;
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі;
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары;
- Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары;
- Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидалары;
- Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидалары;
- осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
- Кәсіпорынның Жарғығы, ішкі құжаттары;
- МС КҚ.08-2023 Кәсіпорын ережелері Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың өндірістік процестері;
- МС КҚ.09-2023 Кәсіпорын қағидалары құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындыларын ресімдеу құрамына, мазмұнына және рәсімдеріне қойылатын талаптар;
- осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- компьютерде жұмыс істеу дағдылары;
- қазақ, орыс тілдерін жетік білу;
- іскерлік хат алмасу дағдылары;
- іскерлік қарым-қатынас дағдылары.
Функционалдық міндеттер:
1) әзірлеуді және орындауды қамтамасыз ету:
Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының ішкі саясаты;
Кәсіпорын жұмыскерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Нұсқаулық;
Кәсіпорындағы мүдделер қақтығысын анықтау және реттеудің ішкі саясаты;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспары;
Кәсіпорынның Бас директоры бекітетін Бөлімшенің қызметіне қатысты өзге де құжаттар.
2) Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен Парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің (ПҚІМЖ) тиімділігіне қатысты ақпаратты жинауды, өңдеуді, жалпылауды, талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
3) «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14441 болып тіркелген) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сәйкестендіру, бағалау және талдау жөніндегі қағидаларына сәйкес Кәсіпорынның және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді үйлестіреді;
4) Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға қатысады;
5) Кәсіпорында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингі мен талдауын және оларды болдырмау және жою бойынша қабылданатын шараларды жүзеге асырады;
6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ Кәсіпорынның ұйымдық құрылымының барлық деңгейлерінде ПҚІМЖ мақсаттарына қол жеткізу мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын ұйымдастырады;
7) Кәсіпорын жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және корпоративтік этика мен мінез-құлық мәселелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;
8) Бөлімшенің құзыреті шеңберінде мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестірілген адамдардың Заңда белгіленген қаржылық бақылау шаралары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауын қамтамасыз етеді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оның Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде орындалуына мониторинг жүргізеді;
10) мүдделер қақтығысын, соның ішінде Кәсіпорынның жұмысқа орналастыру, сатып алу және бизнес-процестері мәселелерінде анықтау және реттеу бойынша шаралар қабылдайды;
11) Кәсіпорынға сыйлықтар беру және алу мәселелерін реттеу бойынша шаралар қабылдайды;
12) контрагенттердің сенімділігін тексеруді жүзеге асырады;
13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманы, жобаларды ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу қағидаларын, қолданыстағы Жарғыға және Кәсіпорынның ішкі құжаттарына сәйкес қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу жөніндегі талаптарды сақтау бойынша, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың Кәсіпорын жұмыскерлерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне келіп түскен өтініштері бойынша Кәсіпорын және аумақтық бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметіне тұрақты тексерулер ұйымдастырады;
14) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу фактілері бойынша, сондай-ақ азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы «Е-Оtinish», Кәсіпорынның ресми сайтында көрсетілген нөмір бойынша сенім телефоны арқылы келіп түсетін заңды және жеке тұлғалардың Кәсіпорын жұмыскерлерінің заңсыз әрекеттері туралы өтініштері мен шағымдары бойынша қызметтік тергеп-тексерулер жүргізеді, құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайды;
15) «Мемсараптама» РМК жұмыскерлеріне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізу қағидаларына сәйкес Кәсіпорынның лауазымды тұлғаларына қатысты қызметтік тергеп-тексерулердің қорытындыларын тәртіптік комиссияға шығарады;
16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерге мониторинг пен талдау жүргізеді;
17) Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізеді;
18) Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратын тыңдайды;
19) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, Кәсіпорын қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің, оның ішінде ПҚІМЖ-ның тиімділігін арттыру бойынша Кәсіпорын басшысына ұсынымдар береді;
20) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
21) ПҚІМЖ шеңберінде ішкі аудитті ұйымдастырады, үйлестіреді және жүргізеді;
22) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоса алғанда, Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туралы ақпараттың жария ашылуын қамтамасыз етеді;
23) комплаенс саласындағы уәкілетті органдар мен кәсіптік ұйымдар өткізетін оқыту іс-шараларына қатысу арқылы кәсіби біліктілігін арттырады;
24) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу порталына келіп түсетін шағымдарды қарауды жүзеге асырады;
25) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының, Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының, Кәсіпорын қызметкерлерінің мүдделер қақтығысы туралы ережесінің, Кәсіпорынның парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің талаптарын сақтайды.
5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысанда өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат);
3) білім туралы құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) резюме.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК жұмыс істеп жүрген жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына жобаларды ведомстводан тыс кешенді сараптаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы (еркін нысанда) өтініш береді.
Егер ішкі іріктеу қорытындысы бойынша бос лауазымға орналасуға кандидат анықталмаған жағдайда сыртқы конкурстық іріктеу жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) 2026 жылғы 03 сәуір – кандидаттардың өтінімдерін қарау;
2) 2026 жылғы 06 сәуір – кандидаттармен әңгімелесу;
3) 2026 жылғы 07 сәуір – конкурс қорытындысы.
Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер оларға қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс нәтижелеріне шағымдануға құқылы.