Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 12–13 наурызда «Мемсараптама» РМК-де жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы мәселелері бойынша сарапшылардың дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және «Turar Healthcare» КЕАҚ мамандары, сондай-ақ «Мемсараптама» РМК орталық аппаратының қызметкерлері мен филиалдары және департаменттерінің сарапшылары қатысты.
Іс-шара жобалау-сметалық құжаттамаға жүргізілетін сараптаманың сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар нысандарды жобалау кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қолдану мәселелерін, жобалау құжаттамасын қарау ерекшеліктерін, сондай-ақ сараптамалық қызмет барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.
Осындай кәсіби кездесулер сараптама жүргізу кезінде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға және сараптамалық қызметті одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.