Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК «Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан «Алматы-2» теміржол вокзалынан «Райымбек батыр» метрополитен станциясына дейін жаяу жүргіншілерге арналған жерасты тоннелін салу» жобасына оң қорытынды берді.
Жоба бойынша «Алматы-2» теміржол вокзалы мен «Райымбек батыр» метрополитен станциясы арасындағы байланысты қамтамасыз ететін күрделі конфигурациялы жерасты жаяу жүргіншілер тоннелін салу қарастырылған. Тоннель негізгі және қосымша жаяу жүргіншілер тоннелінен тұратын екі учаскеден тұрады.
Негізгі жаяу жүргіншілер тоннелі Г-тәрізді пішінде жобаланған және екі бөлікке бөлінеді. Жаяу жүргіншілер тоннеліне түсетін кіреберіс «Алматы-2» теміржол вокзалы ғимаратының оңтүстік қасбетінің алдында орналастырылады. Сондай-ақ жер деңгейі мен жаяу жүргіншілер тоннелі деңгейін байланыстыратын лифт қарастырылған. Бұрылыс тұсында жер бетіне шығатын эвакуациялық шығу жолы қарастырылған. Қарама-қарсы жағынан тоннель «Райымбек батыр» метро станциясының қолданыстағы кіреберісіне жалғасады.
Қосымша жаяу жүргіншілер тоннелінде «Райымбек батыр» (Алматы-2) хабы нысанының аялдама навесінің астына шығатын жер бетіне шығу жолы қарастырылған. Бұл жолаушыларға көліктің әртүрлі түрлері арасында ыңғайлы ауысуды қамтамасыз етеді.
Жоба аясында тоннельден жер бетіне тікелей шығатын жеке эвакуациялық шығу жолы да қарастырылған.
Жобаны іске асыру жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ теміржол вокзалы, метрополитен және қалалық қоғамдық көлік арасында жолаушылардың ыңғайлы ауысуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Тапсырыс беруші: «Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» КММ.
Бас жобалаушы: «Метропроект» ЖШС.