Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 4–6 наурыз аралығында Астана қаласында өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша сарапшылардың дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп ұйымдастырылып, сондай-ақ құрылыс нысанында практикалық көшпелі сабақты қамтыды.
Семинар жұмысына кәсіпорынның орталық аппараты мен филиалдарының басшылығы мен мамандары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Семинар барысында азаматтық қорғаныс, қала құрылысы құжаттамасы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы жобалық шешімдерді қарау кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.
Бағдарлама аясында қатысушылар биіктігі жоғары ғимараттар мен сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан нысандардың, сондай-ақ көпфункционалды кешендердің, сауда нысандарының, бірегей ғимараттардың, күштік құрылымдар нысандарының, өндірістік және діни ғимараттар мен құрылыстардың жобалық шешімдерінің ерекшеліктерін талқылады.
Сонымен қатар нысандардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты арнайы техникалық шарттарды (АТШ) қолдану мәселелері жеке блок ретінде қарастырылды.
Іс-шараның қорытынды кезеңі құрылыс нысанында өткен практикалық көшпелі сабақ болды. Оның барысында мамандар ғимараттардың өртке қарсы қорғау жүйелерімен, атап айтқанда автоматты өрт дабылы жүйесімен, өрт кезінде адамдарды хабарландыру және эвакуациялауды басқару жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен, түтінге қарсы қорғау жүйелерімен, ішкі өртке қарсы су құбырымен және өрт сөндіру лифтілерімен танысты.