Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК «Павлодар қаласындағы “Достық” шағын ауданында 1500 орындық екі концерт залы бар көпфункционалды конгресс-холл салу» жобасына оң қорытынды берді.
Нысанның орналасқан жері: Павлодар қаласы, Достық шағын ауданы.
Жоба бойынша мәдени-бұқаралық іс-шараларды, концерттерді, конференциялар мен ресми кездесулерді өткізуге арналған заманауи үш қабатты көпфункционалды кешеннің құрылысы көзделген.
Бірінші қабатта 1000 орындық концерт залы, шығармашылық ұжымға және әртістерге қызмет көрсетуге арналған бөлмелер, репетициялық бөлмелер, сондай-ақ сахнаға қызмет көрсету үй-жайлары орналастырылады.
Екінші қабатта 280 орындық концерт залы, көркемдік жетекшілікке арналған бөлмелер, әкімшілік кабинеттер, репетициялық бөлмелер, конференц-зал және сахналық жабдықтарға арналған техникалық үй-жайлар қарастырылған.
Үшінші қабатта көрермендер залының балконы, VIP-бөлмелер, конференц-зал және қабылдаулар залы орналасады.
Жобаны іске асыру заманауи мәдени-іскерлік алаң қалыптастыруға, қала тұрғындары мен қонақтары үшін мәдени іс-шаралардың қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ Павлодар қаласының қоғамдық инфрақұрылымын одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Тапсырыс беруші: «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» ММ.
Бас жобалаушы: «Қазақ энергетика және байланыс ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС.