Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 23–26 ақпан аралығында «Темір-бетон каркасты, аз қабатты, жер сілкінісіне төзімді ғимараттарды ПК Lira FEM бағдарламасында Қазақстан Республикасының нормаларына сәйкес есептеу» тақырыбында очный оқу семинары өткізілді. Семинардың жалпы көлемі – 32 академиялық сағат (4 күн).
Семинарға «Мемсараптама» РМК орталық аппаратының конструктивтік сарапшысы Байгузиев Малик Серикбаевич қатысты. Мақсатты аудитория – тәжірибелі инженер-есептеушілер, жер сілкінісіне есептеулер жүргізетін мамандар. Спикер ретінде Чернушенко Николай Константинович сөз сөйледі.
Семинар барысында қаралған негізгі мәселелер:
1. Ғимараттарды жер сілкінісінен қорғауға арналған есептеу теориясы (Еврокод 8, ҚР НТП).
2. ҚР СП 2017 бойынша жер сілкінісіне төзімді ғимараттарды есептеу.
3. Жер сілкінісіне төзімді құрылысқа А500Н және А500Е арматурасын қолдану.
4. Жер сілкінісінен қорғау әдістерін қолдану себептері мен тиімділігі.
5. Жер сілкінісіне төзімді ғимараттарды есептеудің теориялық негіздері.
6. Жер сілкінісін азайту құрылғыларының түрлері (резеңке, резеңке-металл, маятникті) және олардың жұмыс ерекшеліктері.
7. Жер сілкінісін азайту құрылғыларының каталогтары мен жеткізушілері.
8. Әртүрлі түрдегі жер сілкінісін азайту құрылғыларын бірге қолдану тәсілдері.
9. Жаңа және қайта жаңғыртылатын ғимараттар үшін конструктивтік шешімдер.
10. Есептеу әдістері: қолмен, сызықтық-спектрлік және тікелей динамикалық.
11. Жер сілкінісіне төзімді ғимараттарды есептеуге бастапқы деректер.
12. Жер сілкінісіне төзімді ғимараттарды есептеу стандарттары мен техникалық шарттары (СТУ).
13. Екі және бес қабатты ғимараттарды есептеудің практикалық мысалдары.
14. Нәтижелерді ҚР НТП 08-01.6-2022 бойынша тексеру.
15. Lira FEM және ETABS бағдарламаларындағы есептеу нәтижелерін салыстыру.
16. ПК Lira FEM бағдарламасында жер сілкінісіне төзімді ғимараттарды армирлеу.
Семинардың қорытындысы бойынша Мемсараптаманың сарапшысына оқыту семинарын аяқтағаны туралы куәлік берілді, бұл жер сілкінісіне төзімді ғимараттарды жобалау саласындағы кәсіби біліктіліктің артқанын растайды.