Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 19 ақпанда Көкшетау қаласындағы «Болашақ Сарайында» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті. Ұйымдастырушы — Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті. Дөңгелек үстел жұмысына «Мемсараптама» РМК-нің Солтүстік өңір бойынша филиалы директорының орынбасары Уражанов Д.Н. қатысты.
Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүйелі түрде енгізу, мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар қызметінде адалдық пен парасаттылық мәдениетін дамыту, процестердің ашықтығын арттыру үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ заңдылық пен тиімділік қағидаттарын сақтауға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар одан әрі ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметінің ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.