Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Павлодар қаласында өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті

2026-02-19

2026 жылғы 19 ақпанда Шығыс өңірі бойынша «Мемсараптама» РМК филиалының Павлодар облысы бойынша департаментінде Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында адамдар жаппай жиналатын нысандардың, сондай-ақ биіктігі 28 метрден асатын ғимараттардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Сонымен қатар қатысушылар сараптамадан өткен жұмыс жобаларының мысалында Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік нормативтерінің талаптарын қарастырды.
Кездесу барысында көлемдік-жоспарлау шешімдерін тексеру, эвакуация жолдарын есептеу, өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерін жобалау, отқа төзімді материалдарды таңдау, өрт сөндіру техникасының кедергісіз кіруін қамтамасыз ету және басқа да мәселелер талқыланды.
Жұмыс кездесуі қорытындысы бойынша мүдделі тараптардың қатысуын кеңейте отырып, осындай іс-шараларды өткізу тәжірибесін жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Мұндай кездесулер сараптама сапасын арттыруға және құрылыс нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.