Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 18–19 ақпан күндері «Мемсараптама» РМК сметалық бөлім сарапшылары арасында оқыту және тәжірибе алмасу іс-шаралары өтті. Бірінші күні «Құрылыс саласының цифрлық трансформациясы. 2026 жылы ҚР-да сметалық құжаттаманы бағалау және электрондық түрде ұсынудың жаңа тәсілдері» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар Мемсараптама қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, нормативтік-техникалық базадағы өзекті өзгерістерді түсіндіруге және жобалық-сметалық құжаттамамен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталды.
Сметалық құжаттаманы KENML 2.0 машиналық оқылатын форматта ұсыну мәселелеріне ерекше назар аударылды, оның ішінде:
• локалдық, объектілік және жинақтық сметалық есептердің құрамы мен міндетті параметрлері;
• қосымша шығындарды енгізу тәртібі;
• прайс-парақтарды, көлік шығындары мен материалдар құнының калькуляцияларын қалыптастыру.
19 ақпанда сметалық баға қалыптастырудың өзекті мәселелері бойынша сарапшы-сметашылардың дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Құрылыс істері комитетінің және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның өкілдері қатысты.
Іс-шаралар қорытындысы бойынша сарапшылар сметалық құжаттаманы қарау сапасын арттыруға бағытталған бірыңғай тәсілдер мен қағидаттарды қалыптастырды.