Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК-де Қазақстан Республикасының құрылыс саласын цифрландыру мәселелері бойынша салалық ведомство басшылығының, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен бейінді институттардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске қатысқандар:
• Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі — Қажкенов Қуандық Жұмабекұлы;
• ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы — Жүнісбеков Бақытжан Мұратұлы;
• Құрылыс және ТҮКШ істері комитетінің бейінді басқармаларының басшылары;
• «Мемқалақұрылыскадастры» РМК және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілдері.
Кеңес барысында Мемсараптама мамандары Бірыңғай құрылыс порталы Qportal.kz жүйесінің жұмыс істеуінің ағымдағы жағдайы туралы қатысушыларды хабардар етті.
Сондай-ақ кездесу барысында құрылыс саласының цифрлық архитектурасын қалыптастырудың негізгі мәселелері және цифрлық жүйелерді «бір терезе» қағидаты бойынша одан әрі интеграциялау бағыттары қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша цифрлық шешімдерді одан әрі дамыту және министрліктің құрылыс блогының жұмысын үйлестіру жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.