Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК «Алматы облысының Қарасай ауданында 200 төсектік перинаталдық орталық және ауысымда 100 адам қабылдайтын емхана салу» жобасына оң қорытынды берді.
Орналасқан жері: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы.
Жер телімінің ауданы: 6,993 га.
Жоба бойынша 10 функционалдық блоктан тұратын заманауи перинаталдық орталықты бірыңғай медициналық кешен ретінде салу қарастырылған. Бактериологиялық зертхана мен ас блогының жеке орналасқан ғимараттары негізгі корпуспен жертөле қабаты арқылы байланыстырылып, барлық бөлімшелердің технологиялық өзара іс-қимылы қамтамасыз етіледі.
Перинаталдық орталық 200 төсек-орынға есептелген және келесі бағыттар бойынша медициналық көмек көрсетеді:
• акушерлік және гинекология;
• неонатология;
• жаңа туған нәрестелер хирургиясы;
• амбулаториялық-консультативтік және диагностикалық қызметтер;
• әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге медициналық оңалту көмегі.
Орталықтың төсек-орын қоры мыналарды қамтиды:
• ана мен баланың бірге болу бөлімі — 100 төсек;
• жүктілік патологиясы бөлімі — 50 төсек;
• жоғары тәуелді жаңа туған нәрестелер бөлімі — 20 төсек;
• мамандандырылған күтімді қажет ететін жаңа туған нәрестелер бөлімі — 20 төсек;
• неонаталдық хирургия бөлімі — 10 төсек.
Тапсырыс беруші: «Алматы облысының құрылыс басқармасы» ММ.
Бас жобалаушы: «Астанаинжпроект» ЖШС.