Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 16 ақпанда «Мемсараптама» РМК-де «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрісті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының маманы — Қожабекова Меруерт Жасланқызы жүргізді.
Іс-шара барысында мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері түсіндірілді.
Осындай іс-шараларды өткізу заңдылық, ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.