Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК «Алматы қаласы, Медеу ауданы, Жангельдин көшесі 28/20-22 мекенжайындағы №2 қалалық перзентхананың жаңа ғимаратын салу (қолданыстағы құрылыстарды бұза отырып)» жобасы бойынша оң қорытынды берді.
Жоба аясында заманауи талаптарға сай үш қабатты перинаталдық орталық ғимаратын салу көзделген. Нысанның қаланың тұрғын аймағында орналасуын ескере отырып, сәулеттік-жоспарлау шешімдеріне жоғары талаптар қойылған. Жобада тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету үшін қолайлы, қауіпсіз және функционалды орта қалыптастыруға ерекше мән берілген.
Ғимараттың құрамында:
• 1-қабатта – жалпы пайдалануға арналған үй-жайлар (вестибюль, келушілерге арналған гардероб, тіркеу орны, буфет), сондай-ақ емдеу-диагностикалық бөлімшелер;
• 2-қабатта – дәрігерлердің қабылдау бөлімшелері;
• 3-қабатта – клиникалық-диагностикалық зертхана, гинекологиялық бөлімше және әкімшілік үй-жайлар орналасқан.
Жобаны іске асыру Алматы қаласының денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға және перинаталдық көмекті заманауи деңгейде ұйымдастыруға бағытталған.
Жобаның тапсырыс берушісі – «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» КММ.
Бас жобалаушы – «Әсем Жоба Құрылыс» ЖШС.