Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылдың 2–11 ақпан аралығында «Мемсараптама» РМК орталық аппаратында 2025 жылдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет нәтижелері бойынша аумақтық бөлімшелер басшыларының тыңдалуы өтті. Іс-шара мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Тыңдалу барысында аумақтық бөлімшелердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, сондай-ақ ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстары қаралды.
Нәтижесінде антикоррупциялық іс-шараларды дамыту бойынша ұсыныстар алынды және филиалдардан антикоррупциялық қызметке қатысты ұсыныстар жинақталған.
«Мемсараптама» РМК заңдылықты, ашықтықты және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік принципін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруын жалғастыруда.