Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-да азаматтардың өтініштері мен «e-Otinish» жүйесі бойынша оқу семинары өтті

2026-02-03

Бүгін «Мемсараптама» РМК Орталық аппаратында видеоконференцбайланыс (ВКС) арқылы азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу және «e-Otinish» ақпараттық жүйесін пайдалану мәселелеріне арналған оқу семинары өткізілді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Әкімшілік процессуалдық-процедуралық кодексінің (ӘППК) және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген өтініштерді тіркеу және есепке алу ережелері таныстырылып, «e-Otinish» жүйесінде жұмыс істеудің практикалық аспектілері көрсетілді.
Іс-шараға спикер ретінде қатысушылар болды:
• Әділхан Шыңғыс — Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің прокуроры;
• Игисинова Эльмира Казимбековна — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әкімшілік құқықтық актілерді басқару басшысы;
• Кулгараев Ерген Дилдабекович — Қазақстан Республикасы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ мемлекеттік корпорациясының бас менеджері.
Семинар қатысушылары құқықтық тәжірибедегі өзекті мәселелер, азаматтар мен ұйымдардың өтініштерімен жұмыс жасау ерекшеліктері, сондай-ақ «e-Otinish» жүйесінің жұмыс істеу тәртібі бойынша түсініктеме алып, сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасты.
Мұндай оқу іс-шараларын өткізу азаматтар мен ұйымдардың өтініштерімен жұмыс тиімділігін арттыруға және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен өзара әрекеттестікті жетілдіруге ықпал етеді.