Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Алматы қаласында антисейсмикалық технологиялар мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті

2026-02-02
Алматы қаласында антисейсмикалық технологиялар мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
Алматы қаласында антисейсмикалық технологиялар мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті

2026 жылғы 30 қаңтарда Алматы қаласындағы «Мемсараптама» РМК филиалының әкімшілік ғимаратында TIS Teknolojik İzolatör Sistemleri компаниясы өкілдерінің қатысуымен «Антисейсмикалық технологиялар» тақырыбында жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шара аясында антисейсмикалық және сейсмооқшаулау жүйелерін өндіретін жетекші халықаралық компаниялардың бірі — TIS Teknolojik İzolatör Sistemleri компаниясының таныстырылымы өтті. Компания өкілдері TIS қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, іске асырылған жобаларды ұсынды, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық қорғалуын қамтамасыз ету саласындағы заманауи инженерлік шешімдерді қолданудың халықаралық тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу барысында антисейсмикалық технологияларды қолданудың артықшылықтарына, олардың объектілердің қауіпсіздік деңгейін арттырудағы және сейсмикалық әсерлер кезіндегі қирау тәуекелдерін төмендетудегі маңызына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ кездесуде сейсмикалық қауіпті аймақтардың болуын, қолданыстағы құрылыс нормалары мен техникалық талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында антисейсмикалық шешімдерді енгізудің мүмкіндіктері мен перспективалары талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар ықтимал ынтымақтастық бағыттарын, сондай-ақ әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде заманауи антисейсмикалық инженерлік шешімдерді қолдану мәселелерін қарастырды.