Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мемсараптама 2025 жылы 3 мыңнан астам жобаны қарады

2026-01-30
Мемсараптама 2025 жылы 3 мыңнан астам жобаны қарады

2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша «Мемсараптама» РМК ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу аясында 3 131 жоба қарады.
Оның ішінде:
• Орталық аппарат — 590 жоба;
• Кәсіпорынның филиалдары — 2 541 жоба, қоса алғанда:
o Алматы қаласындағы филиал — 186;
o Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша филиал — 327;
o Жетісу облысы және Алматы облысы бойынша филиал — 270;
o Шығыс өңірі бойынша филиал — 352;
o Солтүстік өңірі бойынша филиал — 369;
o Батыс өңірі бойынша филиал — 415;
o Оңтүстік өңірі бойынша филиал — 475;
o Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша филиал — 147.
Сараптама қорытындысы бойынша құрылысының сметалық (есептік) құны 22,717 трлн теңге болатын 2 529 жоба бекітуге ұсынылды.
602 жоба пысықтауға қайтарылды, бұл қаралған жобалық құжаттаманың жалпы санының шамамен 19% құрайды.
Сараптама нәтижесінде құрылыстың жалпы сметалық (есептік) құны 4,149 трлн теңгеге, оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша 1,472 трлн теңгеге қысқартылды.