Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің Оңтүстік өңірі бойынша филиалы әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (заңгер, мемлекеттік сатып алу) бос лауазым орнына орналасуға сыртқы конкурстық іріктеу жүргізу туралы хабарландыру

2026-01-30
«Мемсараптама» РМК-нің Оңтүстік өңірі бойынша филиалы әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (заңгер, мемлекеттік сатып алу) бос лауазым орнына орналасуға сыртқы конкурстық іріктеу жүргізу туралы хабарландыру

«Мемсараптама» РМК-нің Оңтүстік өңірі бойынша филиалы әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (заңгер, мемлекеттік сатып алу) бос лауазым орнына орналасуға сыртқы конкурстық іріктеу жүргізу туралы хабарландыру

«Мемсараптама» РМК-нің Оңтүстік өңірі бойынша филиалы әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (заңгер, мемлекеттік сатып алу) – 1 бірлік бос лауазым орнына орналасуға конкурс жариялайтындығын хабарлайды.
Конкурс өткізілетін орны: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат шағын ауданы, 222. Телефоны: /7252/997134.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 2026 жылғы
06 қаңтар, сағат 18.00.
Конкурсқа қатысушы үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
1.Заңгер мамандығы бойынша жоғары білім.
2. Мамандық бойынша кемінде 3 жыл және/немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салада 3 жыл еңбек өтілі.
Функционалдық міндеттері:
1) Филиал қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
2) басшылыққа қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, шарттардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру;
3) құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне қолданыстағы заңнаманы түсіндіруді қамтамасыз ету және оны қолдану тәртібі;
4) құрылымдық бөлімшелерге құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
5) құқықтық мәселелерді қарау кезінде барлық сатыдағы соттарда, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда филиалдың мүдделерін білдіру;
6) мақсаттарды айқындауға, Филиалды жоспарлауды жүзеге асыруға және құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысу;
7) шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, филиал мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
8) филиал қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар дайындау;
9) жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, адвокаттық сауалдарға және т. б. жауаптар дайындау;
10) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысты жүргізу;
11) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасау;
12) дебиторлық қарыздарды жою мақсатында жұмысты жүргізу;
13) Филиал қызметкерлерін тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар бойынша қорытынды беруге;
14) филиалдың өндірістік және өндірістік емес қызметіне байланысты сот талқылауларын есепке алу және үйлестіру
15) кәсіпорын Жарғысында, Филиал туралы ережеде, жобаларға сараптама жүргізу мәселелері бойынша Филиалдың ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды орындайды.

Конкурсқа қатысуға үміткерлер конкурсқа қатысу үшін келесі қажетті құжаттарды тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтініш (еркін нысанда);
2) кеке куәліктің көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) түйіндеме;
6) басқарушылық фунцияларды орындауға байланысты лауазымға сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама.
Конкурсқа қатысуға үміткерлер өтінішке көрсетілген құжаттарды қолма-қол немесе Филиалдың ontustik@gosexpertiza.kz электронды поштасына 2026 жылдың 06 ақпан сағат 18.00-ге дейін жібереді.
Конкурсқа қатысуға үміткерлермен әңгімелесу 2026 жылдың 10 ақпанында өткізіледі.