Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 21 қаңтарда «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының (бұдан әрі - Филиал) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 8-тармағын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Бақыт Қ.Б. қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы» тақырыбында дәріс өтті.
Дәрістің ашылуы Филиал директоры А.Ж. Рахманкуловтың кіріспе сөзімен басталды, Филиалының ұжымына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерімен таныстырды.
Бұдан өзге, ол Филиалда қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатқанын, осыған байланысты түрлі іс-шаралар, оның ішінде дәріс-әңгімелер, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу бастамасы көтерілетінін атап өтті.
Бұдан әрі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Бақыт Қ.Б. сөз сөйледі.
Өз сөзінде Бақыт Қ.Б. келесі бағыттарды атады:
1. Сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылық белгілері;
2. Сыбайлас жемқорлықтың түрлері;
3. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық (жауапкершілік);
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері;
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесі туралы;
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері.
7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары;
8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жасау;
9. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі;
10. Шетелде сыбайлас жемқорлық үшін жазалау әдістері;
11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың бірінші, екінші және үшінші топтамасы;
12. Квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейту.
Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және Филиал қызметкерлерінің хабардар болуын арттыруға бағытталған бейнероликтер көрсетілді.
Дәріс соңында Филиал директоры Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшылығы мен бас маманына аталған іс-шараны ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.