Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласында 280 орындық балабақша салу жобасы бойынша оң қорытынды берді.
Жобаға сәйкес 280 тәрбиеленушіге арналған үш қабатты мектепке дейінгі білім беру ұйымының ғимаратын салу көзделген. Балабақшада 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған топтар жұмыс істейтін болады.
Жобалық құжаттамаға сәйкес жер учаскесінің ауданы 1 гектарды, ал ғимараттың жалпы ауданы 6 мың шаршы метрден астамды құрайды. Құрылыс мерзімі — 11 ай.
Жобаның тапсырыс берушісі — «Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.
Бас жобалаушы — «Институт «Гражданпроект» ЖШС.
Жобаны іске асыру өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қосымша орындар ашуға мүмкіндік береді.