Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК және «Мемқалақұрылыскадастры» РМК өкілдерінен құралған делегация Қытай Халық Республикасының Чунцин қаласында CCTEG Chongqing Engineering (Group) Co., Ltd. компаниясының басшылығымен жұмыс кездесулерін өткізді.
Жұмыс кеңестері 11–17 қаңтар аралығында өтіп, жобалау, қала құрылысы және қалалық ортаны жаңғырту салаларындағы тәжірибе алмасуға, сондай-ақ кәсіби және техникалық ынтымақтастық перспективаларын талқылауға арналды.
Кездесулер аясында Чунцин жобалау-зерттеу институтының кампусына таныстыру сапары ұйымдастырылып, тараптардың ресми таныстырылымы өтті. CCTEG өкілдері Қытайдағы қалалық ортаны жаңарту тәжірибесін, қалалық және ауылдық аумақтарды аумақтық жоспарлау жүйесін таныстырды. Қазақстан тарапы өз кезегінде Қазақстан Республикасындағы жобалау нарығының қазіргі жағдайын, мемлекеттік сараптама жүргізу ерекшеліктерін және нормативтік базаны дамыту бағыттарын ұсынды.
Делегация құрамына «Мемсараптама» РМК мен «Мемқалақұрылыскадастры» РМК басшылығы, сондай-ақ қала құрылысы және құрылыс сараптамасы бағыттары бойынша бейінді құрылымдық бөлімшелердің басшылары кірді. CCTEG тарапынан компания басшылығы, бас сәулетшілер, қала жоспарлаушылары және жобалау мен маркетингтік бөлімдердің өкілдері қатысты.
Өткізілген кездесулер Қазақстан мен Қытайдың салалық ұйымдары арасындағы кәсіби диалогты нығайтудағы маңызды қадамға айналып, жобалау, қала құрылысы және сараптама салаларындағы тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты кеңейтуге негіз қалады.