Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығын салу жобасына оң қорытынды берді.
Жобаны іске асыру өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және ауыл тұрғындары үшін алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Жобаның тапсырыс берушісі — «Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Бас жобалаушы — «Строй-проект-инвентаризация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.