Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Шығыс өңірі филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша дәріс өтті

2025-12-24
«Мемсараптама» РМК Шығыс өңірі филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша дәріс өтті
«Мемсараптама» РМК Шығыс өңірі филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша дәріс өтті
«Мемсараптама» РМК Шығыс өңірі филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша дәріс өтті

«Мемсараптама» РМК Шығыс өңірі филиалында жобалау және құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелеріне арналған дәріс өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Нуртаева Альмира Кабидолдаевна қатысты.
Дәріс барысында Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері, құрылыс саласындағы типтік сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, мүдделер қақтығысы мәселелері, сондай-ақ қолданыстағы заңнама мен ішкі нормативтік құжаттар талаптарын сақтамағаны үшін қызметкерлердің жауапкершілігі қарастырылды.
Сонымен қатар алдын алу шараларының рөліне, процестерді цифрландыруға және «бір терезе» қағидатына ерекше назар аударылды. Бұл құралдар сараптамалық жұмыстарды жүргізу барысында ашықтықты арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал ететіні атап өтілді.
Филиал қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби қызмет барысында туындайтын жекелеген жағдайлар бойынша тәжірибелік түсіндірмелер алды.
Осындай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті нығайтуға және ұжымда адалдық пен жауапкершіліктің тұрақты қағидаттарын қалыптастыруға ықпал етеді.