Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Экспертиза барысында анықталатын сметалық құжаттама бойынша типтік ескертулер туралы

2025-12-24
Экспертиза барысында анықталатын сметалық құжаттама бойынша типтік ескертулер туралы

Кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу барысында «Мемсараптама» РМК мамандары жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде жиі жіберілетін типтік бұзушылықтарды тұрақты түрде анықтайды. Анықталған ескертулердің басым бөлігі мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарын сақтамаумен, сондай-ақ құрылыс құнының сметалық есебін қалыптастыру кезінде есептік деректерді дұрыс қолданбаумен байланысты.
Сараптама тәжірибесін талдау нәтижесінде сметалық құжаттама дайындау кезінде жиі кездесетін негізгі ескертулер тізбесі қалыптастырылды.

№ п/п Ескертулер Негіздеме

СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР БОЙЫНША ТИПТІК ЕСКЕРТУЛЕР ТІЗІМІ
1. Сметалық құжаттамада сметалық құнның қалыптасу күні ескерілмейді. Объектінің сметалық құны көбінесе сараптама ұйымына жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы ұсыну күніне жасалмайды, бұл ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022 6.5-тармағының талаптарына қайшы келеді. ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022, 6.5-тармақ
2. Жоба құжаттамасында материалдар мен жабдықтардың ерекшеліктеріне қойылатын талаптар сақталмаған. Сипаттамалардың ҚР ҚН 1.02-03-2022 (СҚҚК -3 каталогы) 5.13 тармағының талаптарына сәйкес келмеуі анықталуда. Жобалық шешімдер мен сипаттамалар сәйкестендіруді талап етеді. ҚР ҚН 1.02-03-2022, 5.13-тармақ
3. Сметалық құжаттамада шекті құнның асып кетуіне жол беріледі немесе оның бекітілуі болмайды. Сметалық құн шекті мөлшерден асып кетсе немесе шекті құн белгіленген тәртіппен бекітілмесе, бұл ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022 7.2.10.2-тармағын бұзу болып табылады. ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022 7.2.10.2-тармақ
4. Құрылыс құнының жиынтық сметалық есебі (ҚҚЖСЕ) бұзушылықтармен ресімделеді. ҚҚЖСЕ ҚҚЖСЕ тапсырыс берушінің және (немесе) жобалау ұйымы басшысының (ЖБИ) куәландыруынсыз ұсынылады, бұл ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022 7.2.10.2 тармағының талаптарына сәйкес келмейді. ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022 7.2.10.2-тармақ
5. Жиынтық сметалық есепте ЖІЖ және сараптама шығындары дұрыс ескерілмеген. Жобалау және іздестіру жұмыстарына, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптамаға арналған шығыстар есептік және нормативтік талаптардан ауытқи отырып қабылданады (ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022 9, 10, 11 тараулар). ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022 9, 10, 11 тараулар
6. Сметалық құжаттама толық көлемде және белгіленген форматта ұсынылмайды. 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 106-нқ мемлекеттік нормативінің 4 және 15-тармақтарының, сондай-ақ ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022 7.1.4-7.2 және 8.5-тармақтарының талаптары бұзылады. ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022 7.14-7.2, 8.5-тармақтар
7. Сметалық құжаттамада жұмыс көлемі жобалық шешімдерге сәйкес келмейді. Сметаларда қабылданған жұмыс көлемдері бекітілген жобалық шешімдермен сәйкес келмейді, бұл ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022 7.2.3-тармағын бұзады. ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022 7.2.3-тармақ
8. Сметалық құжаттамада жобаға сәйкес келмейтін ресурстар қолданылады. Маркалар мен типтер бойынша материалдар мен жабдықтар жобалық құжаттамаға сәйкес келмейді, бұл ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022 8.2.6-тармағына қайшы келеді. ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022 8.2.6-тармақ
9. Сметалық құжаттамада жұмыс жүргізу технологиясына сәйкес келмейтін нормалар қолданылады. Пайдаланылған сметалық нормативтер жұмыстардың нақты құрамы мен орындалу технологиясын көрсетпейді, бұл ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022 8.2.2 тармағының бұзылуы болып табылады. ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022 8.2.2-тармақ
10. Жиынтық ресурстар тізімдемесі (7-нысан) көбінесе нақты объект бойынша нақты жобалық шешімдерді есепке алмай, басқа жобалардан көшіру жолымен қалыптастырылады. Нәтижесінде құрылыс объектісі бойынша материалдық ресурстар мен жабдықтардың жиынтық тізімдемесі ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022 7.2.14 тармағының талаптарына және белгіленген 7-нысанға сәйкес келмейді. ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022 7.2.14-тармақ
11. Материалдар мен жабдықтарға қажеттілік ведомосына қойылатын талаптар сақталмайды. Негізгі материалдар, бұйымдар, конструкциялар мен жабдықтарға қажеттілік ведомосы ҚР ҚН 1.02-03-2022 Е-қосымшасына сәйкес келтірілмеген. ҚР ҚН 1.02-03-2022,Е-қосымша
12. Сметалық құжаттамада прайс-парақтар бойынша бағаларға міндетті коэффициенттер қолданылмайды. Прайс-парақтар мен коммерциялық ұсыныстар негізінде қалыптастырылған бағаларды пайдалану кезінде ҚР ҚНБҚ 8.04-07-2025 3.7-тармағында көзделген коэффициенттер қолданылмайды ҚР ҚНБҚ 8.04-07-2025 3.7-тармақ
13. Сметалық бағалар жинақтарында жоқ ресурстардың құны бұзушылықтармен анықталады. Жинақтарда жоқ жабдықтардың, бұйымдар мен материалдардың құны ҚР ҚНБҚ 8.2.30-8.2.46.2 тармақтарының талаптарынан ауытқи отырып қабылданады. ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022 8.2.30-8.2.46.2-тармақтар

Аталған ескертулердің көпшілігі типтік сипатқа ие және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптама порталына жүктеу кезеңінде-ақ жойылуы мүмкін. ҚР ҚНБҚ ҚР ҚН және өзге де мемлекеттік нормативтердің талаптарын сақтау сараптамадан өту мерзімдерін қысқартуға және теріс сараптамалық қорытынды алу тәуекелдерін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.
Назар аударыңыздар: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу қағидаларының 38-тармағында белгіленген мерзімдерде ескертулер жойылмаған жағдайда жоба бойынша теріс сараптамалық қорытынды рәсімделеді.
«Мемсараптама» РМК тапсырыс берушілер мен жобалау ұйымдарына жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезінде көрсетілген типтік ескертулерді ескеруді ұсынады.