Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Атырау қаласында балабақша құрылысы жобасы бойынша оң қорытынды берілді

2025-12-24

«Мемсараптама» РМК Атырау қаласының Балықшы шағын ауданында «Шамшырақ» балабақшасын бұза отырып, 160 орынға арналған балабақша құрылысы жобасы бойынша оң қорытынды берілгенін хабарлайды.
Жобада 7 топқа (160 орын) арналған, жеке тұрған екі қабатты балабақша ғимаратын салу көзделген. Жоспарлау шешімдері функционалдық аймақтарға бөліну қағидаттарын және білім беру үдерісін ұйымдастыру талаптарын ескере отырып әзірленген.
Ғимараттың ішкі құрылымына мыналар кіреді:
• топтық оқшаулау қағидатын сақтай отырып, бірінші және екінші қабаттарда орналасқан топтық ұяшықтар;
• балалармен сабақ өткізуге арналған мамандандырылған үй-жайлар;
• қосалқы және қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар.
Жобада келесі жас ерекшелік топтары қарастырылған:
• бірінші кіші топ (3–4 жас) — әрқайсысы 20 баладан тұратын 3 топ;
• мектепке дейінгі топ (4–5 жас) — әрқайсысы 25 баладан тұратын 2 топ;
• мектепке дайындығы топ (5–6 жас) — әрқайсысы 25 баладан тұратын 2 топ.
Білім беру және дамыту қызметін ұйымдастыру мақсатында екінші қабатта музыкалық және гимнастикалық сабақтарға арналған әмбебап зал, сондай-ақ үйірме бөлмесі орналастырылған.
Жобаны іске асыру Балықшы шағын ауданындағы мектепке дейінгі білім беру жағдайларын жақсартуға және балалар үшін заманауи әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
Тапсырыс беруші: «Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.
Бас жобалаушы: «BAITAU ARCHITECTS» ЖШС.