Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК-ның Солтүстік өңірі бойынша филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелеріне арналған қызметкерлердің кеңесі өтті.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі қағидаттары қарастырылып, сыбайлас жемқорлық ұғымы мен оның алдын алу шаралары түсіндірілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі мен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің негізгі нормалары талқыланды.
Кеңестің спикері ретінде Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының өкілі А.А. Кусаинов сөз сөйледі.
Өз баяндамасында спикер ақпараттық материалдарды ұсынып, қолданыстағы заңнама талаптарын жан-жақты түсіндірді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін көзделген жауапкершілікке ерекше назар аударды.