Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша филиалының әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (аударма, іс жүргізу, архив) бос орнына орналасуға конкурс жүргізу туралы хабарландыру

2025-12-22
«Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша филиалының әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (аударма, іс жүргізу, архив) бос орнына орналасуға конкурс жүргізу туралы хабарландыру

«Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша филиалының әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (аударма, іс жүргізу, архив) бос орнына орналасуға конкурс жүргізу туралы хабарландыру

1) Бос орынның атауы – Бас маман (аударма, іс жүргізу, архив)
2) Орналасқан жерін, почталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал), Қарағанды қаласы, Лобода көшесі 46, 3 т.е.ү., тел.: 8 (7212) 57-07-13.
3) Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні және уақыты – құжаттар 2025 жылғы «26» желтоқсан сағат 18.00-ге дейін amamutova@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс.
4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларға сәйкес белгіленетін конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар.
Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы:
- Іс қағаздарын жүргізу, құжаттарды аударуды жүзеге асыру, архивке қабылданатын құжаттарды іріктеуді, ретке келтіруді, жинақтауды, пайдалануды, сақтауды қамтамасыз ету.
Білімге қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік (филологиялық немесе заң) білім.
Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл не лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Басшы позицияларында: талап етілмейді.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі»;
- ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы;
- ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы;
- ҚР «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңы;
- ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы;
- ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңы;
- ҚР «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңы
- ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;
- ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
- «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары»;
- «Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидалары»;
- «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары»;
- «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары»;
- «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары»;
- осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін;
- Кәсіпорын және Филиал жарғысы, ережесі, ішкі құжаттары;
- осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- аналитикалық қызметке қабілеттілік;
- жоғары жұмысқа қабілеттілік;
- келіссөздер жүргізу;
- проблемаларды шешудің жаңа, стандартты емес жолдарын ұсыну;
- командада жұмыс істеу.
Функционалдық міндеттері:
1) берілген құқықтарға сәйкес «Е-otinish» (бұдан әрі – Е-otinish) азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында жұмыс істеу және тапсырмаларды уақытында орындау:
- электрондық пошта, пошта жөнелтімдері арқылы келіп түскен, сондай-ақ ВКСБАЖ және Е-otinish-те қолма-қол алынған барлық қосымшаларды сканерлеп және жүктей отырып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және тіркеу;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалу мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру;
- Е-otinish-те тіркелген өтініштер бойынша филиал бойынша тоқсандық, жартыжылдық, жылдық статистикалық ақпаратты орталық аппаратқа уақытында тапсыру, оның ішінде ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 9-күніне дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық департаментіне өтініштер бойынша салыстыру актісін тапсыру.
2) қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсетуді жүргізу, келушілерді директорға қабылдауды жүзеге асыру:
- телефонмен телефон арқылы келіссөздер жүргізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру (кіріс қоңырауларды қабылдау, қоңырауларды қайта бағыттау, телефонхаттарын қабылдау және жолдау);
- филиал директорының жұмыс орнын ұйымдастыру техникасы құралдарымен, кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету;
- директордың қол қоюына құжаттарды қабылдау, филиал директорына қол қоюға ұсынылатын құжаттардың дайындалу сапасын, дұрыс жасалуын, келісілуін, бекітілуін бақылау;
- дұрыс ресімделмеген құжаттарды орындаушыларға пысықтау үшін қайтаруды жүзеге асыру;
- басшылық өткізетін отырыстарды, жиналыстарды дайындау бойынша жұмысты орындау (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларды өткізу уақыты мен орны туралы хабардар ету, оларды тіркеу, күн тәртібі);
- өндірістік жиналыстардың, ұжымның жалпы жиналыстарының хаттамаларын жүргізу;
- директордың нұсқауы бойынша оның жұмысына қажетті қызметтік материалдарды басып шығару.
3) филиалдың іс қағаздарын жүргізу, хат-хабарларды қабылдау, тіркеу және жөнелтуді жүргізу, департаменттердің іс қағаздарын жүргізу бөлігіндегі жұмысын үйлестіру:
- «Қызметтік пайдалану үшін» және (немесе) «Құпия» деген белгілері бар құжаттарды қабылдау, тіркеу, тиісті журналдарды жүргізу;
- «Қызметтік пайдалану үшін» немесе «Құпия» деген белгілермен таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты есепке алу, беру, пайдалану, өңдеу және сақтауды жүзеге асыру, «Қызметтік пайдалану үшін» немесе «Құпия» деген белгісі бар құжаттар мен басылымдарды ресімдеу, тарату (жіберу) қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес тиісті журналдарды жүргізу;
- мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау жүйелері мен ВКC жобаларының өзара іс-қимыл схемасы бойынша жұмыс шеңберінде «Қызметтік пайдалану үшін» және (немесе) «Құпия» деген белгілермен берілген теріс қорытындылар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға (МСҚБ) жолдау;
- кіріс құжаттаманы белгіленген тәртіпке сәйкес тіркеу;
- өтіп жатқан қызметтік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету;
-құжаттар мен ақпараттарды қабылдау, есепке алу, тіркеу, ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету және сақтауды қамтамасыз ету;
4) басшылықтың құжаттары мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, оларды уақытында және орындауға бағытталған жедел шаралар қабылдау;
5) аудармалардың түпнұсқалардың логистикалық, стилистикалық және мағына мазмұнына дәл сәйкестігін, пайдаланылатын ғылыми және техникалық талаптарға қатысты белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, қызметтік құжаттардың, сараптамалық қорытындылардың, нормативтік құжаттаманың, сондай-ақ басқа да қызметтік құжаттардың мәтіндерінің аудармаларын орындауға міндетті;
- мемлекеттік тілді үйренуші Жезқазған қаласындағы сектор және Филиал жұмыскерлеріне әдіснамалық көмек көрсету;
- құжаттаманы мемлекеттік тілде ресімдеу.

6) бекітілген номенклатураға сәйкес істерді қалыптастыруға және іс жүргізумен аяқталған құжаттық материалдарды Филиал архивіне тапсыру:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен филиалдың істер номенклатурасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізу және оны мемлекеттік архивпен келісу;
- архивтік сақтауға немесе сақтау мерзімі өткен материалдарды жоюға құжаттарды іріктеу бойынша жұмыс жүргізу;
- құжаттардың жай-күйін, архив үй-жайларында олардың сақталуы үшін қажетті жағдайлардың сақталуын қадағалау;
- Филиалдың архивтік құжаттарына рұқсатсыз қол жеткізуден тиісті қорғауды қамтамасыз ету;
- белгіленген талаптарды сақтай отырып, архив ісін ұйымдастыру, құжаттарды есепке алу, сақтау, дайындау және тиісті архивке мемлекеттік сақтауға уақытында беруді қамтамасыз ету;
- келіп түскен өтінімдерге сәйкес архив көшірмелері мен құжаттарын беру, архив құжаттарында бар мәліметтер негізінде қажетті анықтамалар жасау, архив жұмысы бойынша есептілік жасау үшін деректерді дайындауға міндетті.
7) жұмыскерлердің қазіргі және өткен еңбек қызметі туралы анықтамалар беру;
8) еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтау;
9) Бейбәсекелестік және құпия ақпаратты таратпау туралы шартты сақтау;
9) өз құзыретіне енетін басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындауға міндетті;
10) филиал директорының бұйрығы негізінде жұмыскерлердің біреуі уақытша болмаған жағдайда оның міндеттерін орындауға міндетті.
11) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының, Кәсіпорынның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының, Кәсіпорын жұмыскерлерінің мүдделер қақтығысы туралы Ереженің, Кәсіпорынның парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің талаптарын сақтауға міндетті;
12) Кәсіпорын Жарғысында, Филиал туралы ережеде, өндірістік мәселелер бойынша Филиалдың ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды орындау.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) 2025 жылғы «29» желтоқсан – кандидаттардың өтінімдерін қарау;
2) 2025 жылғы «30» желтоқсан – кандидаттармен әңгімелесу, конкурс қорытындылары.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.