Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
Батыс өңірі бойынша «Мемсараптама» РМК филиалының Атырау облысы департаментінде құрылыс саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қабылданып жатқан шараларға арналған семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараға Батыс өңірі бойынша филиал департаментінің директоры Н.М. Нудин, «Мемсараптама» РМК Комплаенс қызметінің өкілі Т.Б. Жакупов, сондай-ақ Атырау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінің мамандары мен филиал қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында антикоррупциялық саясаттың негізгі бағыттары, құрылыс саласындағы жемқорлық тәуекелдері мен оның көріністері, сондай-ақ оларды алдын алу шаралары талқыланды. Арнайы назар процедуралардың ашықтығына, заңнаманың сақталуына және цифрландыру арқылы жемқорлық тәуекелдерін азайтуға аударылды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу бойынша өзекті тәсілдер, практикалық мысалдар және заңнамалық өзгерістерді түсіндірді.
Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің заңдық сауаттылығын арттыруға және құрылыс саласында тұрақты антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.