Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
Жетісу және Алматы облысы бойынша «Мемсараптама» РМК филиалының алаңында BIM-технологиялар бөлімі мен BIM-сарапшысы Чингизхан Файзуллиннің қолдауымен құрылыс саласы мамандарына арналған сараптамалық-жобалық сессиялар өтті.
Іс-шаралар барысында қатысушыларға:
• жобалау мен құрылыс процестерін орталықтандырылған түрде жүргізуге арналған құрылыстың жаңа Бірыңғай порталы;
• BIM қағидаттары және оны жобалау мен сараптама кезеңдерінде қолдану;
• цифрлық модельдерді автоматты түрде тексеру, IFC стандарттары және элементтерді жіктеу;
• цифрландыру жағдайында жұмыс істеуге арналған сарапшылар мен жобалаушылардың кәсіби дағдыларын дамыту таныстырылды.
Сессия жұмысына филиал сарапшылары, сондай-ақ жобалау ұйымдарының өкілдері – жоба жетекшілері, бас инженерлер мен бас сәулетшілер, BIM-менеджерлер, жобалаушылар және сметашылар қатысты. Жетісу және Алматы облыстарының, оның ішінде Алматы қаласының мамандары үшін онлайн-трансляция ұйымдастырылды.
Өткізілген сессиялар мамандардың кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және құрылыс саласында цифрлық құралдарды толыққанды енгізуге дайындықты қамтамасыз етуге ықпал етті.