Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының бас маманының (аударма, іс қағаздарын жүргізу) бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

2025-12-05
Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының бас маманының (аударма, іс қағаздарын жүргізу) бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының бас маманының (аударма, іс қағаздарын жүргізу) бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

1) Бос лауазымның атауы - бас маман (аударма, іс қағаздарын жүргізу).
2) Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Солтүстік өңірі бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал), Көкшетау қаласы, Р.Қошқарбаев көшесі, 61А, телефон: +7 (7162) 55-10-13.
Жұмыс орны: Петропавловск қаласы, Ульянов көшесі, 56.

3) Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты – құжаттар 2025 жылғы «12» желтоқсанды қоса алғанда, сағат 18.00-ге дейін kokshetay@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайына ұсынылуы тиіс.

4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес айқындалатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар: Іс қағаздарын жүргізу, құжаттарды аударуды жүзеге асыру.

Біліміне қойылатын талаптар: Аударма ісі (орыс тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен орыс тіліне аудару), қазақ тілі мен әдебиеті, филология, лингвистика саласындағы жоғары кәсіптік білім. Біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болғаны жөн.

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
- Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
- Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасының негіздері;
- Азаматтық заңнама және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама негіздері;
- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңы;
- «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» ҚР Заңы;
- «Ақпаратқа қол жеткізу туралы ҚР Заңы;
- «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы;
- «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы;
- «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары»;
- «Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидалары»;
- «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары»;
- «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары»;
- осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін;
- филиалдың қызметін реттейтін кәсіпорын мен филиалдың жарғысы, ережесі, ішкі құжаттары;
- осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- аналитикалық қызметке қабілеттілік;
- жұмысқа жоғары қабілеттілік;
- келіссөздер жүргізу;
- проблемаларды шешудің жаңа, стандартты емес жолдарын ұсыну;
- командада жұмыс істеу.

Функционалдық міндеттер:
1) ұсынылған құқықтарға сәйкес «Е-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында (бұдан әрі - Е-otinish) жұмыс істеу және тапсырмаларды уақтылы орындау;
- электрондық пошта, почта жөнелтімдері арқылы келіп түскен, сондай-ақ ВКСБАЖ және Е-otinish-те қолма-қол алынған барлық қосымшаларды сканерлеп және көрсете отырып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және тіркеу;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалу мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру;
- Е-otinish-те тіркелген өтініштер бойынша филиал бойынша тоқсандық, жартыжылдық, жылдық статистикалық ақпаратты орталық аппаратқа уақтылы тапсыруға, оның ішінде ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 9-күніне дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық департаментіне өтініштер бойынша салыстыру актісін тапсыру.
2) қабылдау бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру және қызмет көрсету, келушілерді басшылыққа қабылдауды жүзеге асыру;
- телефонмен телефон арқылы келіссөздер жүргізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру (кіріс қоңырауларды қабылдау, қоңырауларды қайта бағыттау, телефонограммаларды қабылдау және жіберу);
- директордың жұмыс орнын ұйымдастыру техникасы құралдарымен, кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету; - директорға қол қоюға құжаттарды қабылдау, директорға қол қоюға ұсынылатын құжаттардың дайындалу сапасын, дұрыс жасалуын, келісілуін, бекітілуін бақылау;
- дұрыс ресімделмеген құжаттарды орындаушыларға пысықтауға қайтаруды жүзеге асыру; - отырыстарды, кеңестерді дайындау бойынша жұмысты орындау (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларды өткізу уақыты мен орны туралы хабардар ету, оларды тіркеу, күн тәртібі);
- өндірістік кеңестердің, ұжымның жалпы жиналыстарының хаттамаларын жүргізу;
- директордың нұсқауы бойынша оның жұмысына қажетті қызметтік материалдарды басып шығару.
3) филиалдың іс қағаздарын жүргізуді, хат-хабарларды қабылдауды, тіркеуді және жөнелтуді жүргізу:
- белгіленген тәртіпке сәйкес кіріс құжаттаманы тіркеу;
- өтіп жатқан қызметтік құжаттаманың сақталуын тұрақты қамтамасыз ету; - құжаттар мен ақпараттарды қабылдауды, есепке алуды, тіркеуді, ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуді және сақтауды қамтамасыз ету;
4) басшылықтың құжаттары мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, оларды уақтылы және орындауға бағытталған жедел шаралар қабылдау;
5) аудармалардың түпнұсқалардың логикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнына дәл сәйкестігін, пайдаланылатын ғылыми және техникалық талаптарға қатысты белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, қызметтік құжаттардың, сараптамалық қорытындылардың, нормативтік құжаттаманың, сондай-ақ басқа да қызметтік құжаттардың мәтіндерінің аудармаларын орындау;
- мемлекеттік тілді оқып жатқан Филиал мен Департаменттердің қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету;
- құжаттаманы мемлекеттік тілде ресімдеу;
6) еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтау;
7) бәсекелестік емес және құпия ақпаратты жария етпеу туралы шартты сақтау;
8) өз құзыретіне кіретін басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау;
9) филиал директорының бұйрығы негізінде қызметкерлердің біреуі уақытша болмаған жағдайда оның міндеттерін орындау.

5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
- «Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалы директорының атына еркін нысанда өтініш;
- жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат);
- білім туралы құжаттың көшірмесі;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- түйіндеме.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) 2025 жылғы «15» желтоқсанға дейін – үміткерлердің өтінімдерін қарау;
2) 2025 жылғы «17» желтоқсан – үміткерлермен әңгімелесу және конкурс қорытындысы;

Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер оларға қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.