Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы лекция өтті

2025-12-01

2025 жылғы 1 желтоқсанда «Мемсараптама» РМК-да Комплаенс-қызметтің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында лекция өтті.
Лекцияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас мамандары — Қожабекова Меруерт Жасланқызы мен Макажанов Мамырхан Рахметоллаұлы өткізді.
Іс-шараның тақырыбы — «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты».
Лекция барысында қызметкерлер сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың заманауи тәсілдері, этикалық нормаларды сақтау және мемлекеттік әрі коммерциялық ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөнінде маңызды ақпарат алды.
Іс-шара конструктивті атмосферада өтті: қатысушылар қызықтырған сұрақтарына жауап алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өзекті аспектілерін талқылады.