Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан мен Корея: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша семинар

2025-11-28
Қазақстан мен Корея: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша семинар

2025 жылғы 25-26 қарашада Астанада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа арналған семинар өтті. Оны Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Корея Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және азаматтық құқықтарды қорғау комиссиясы бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараға мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, Корея Республикасының делегациясы, сондай-ақ «Мемсараптама» РМК-нің қызметкері қатысты. Семинар қазақ, орыс және кәріс тілдерінде синхронды аударма арқылы өткізілді.
Қатысушылар Кореядағы «Адалдық бақылауы» тәжірибесімен, ақпарат берушілерді қорғау механизмдерімен, мемлекеттік қызметшілер, бизнесті және жастарды антикоррупциялық білім беру әдістерімен танысып, Қазақстандағы антикоррупциялық реформалар мен механизмдерді талқылады.
Семинар тәжірибе алмасуға, заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдістерді талқылауға және Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.