Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2025 жылғы 21-22 қараша аралығында онлайн форматта «Кадрлық іс жүргізу мен әскери есепке алу саласындағы соңғы өзгерістерді ескере отырып, бюджеттік және коммерциялық ұйымдардың кадр қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру» тақырыбында кадрлық мәселелер бойынша семинар өткізілді. Семинар 2 жұмыс күніне (16 академиялық сағат) созылды.
Семинарға кадр қызметінің 5 қызметкері қатысты.
Спикер ретінде халықаралық құқық магистры, қауымдастырылған профессор (доцент) Назгүл Сабырқызы Туякбаева шақырылды.
2025 жылғы 26-27 қараша күндері офлайн форматта «Заңгер және сот процесі. Жеңіске жету технологиялары» тақырыбында заңдық мәселелер бойынша семинар өткізілді. Семинар 2 жұмыс күніне (16 академиялық сағат) созылды.
Семинарға заң қызметінің 7 (жеті) қызметкері қатысты. Лектор ретінде ҚазҰАУ-дың құрметті профессоры Нұркен Мешітбайұлы Қаржаубаев дәріс оқыды.
Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға оқу курсын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.