Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК «Жетісу облысы Қаратал ауданының Үштөбе қаласында 600 орындық орта мектеп салу» жобасына оң қорытынды берілгенін хабарлайды.
Жоба аясында үш қабатты мектеп кешенін салу қарастырылған. Кешен құрамына оқу кабинеттері, зертханалар, оқушыларға арналған рекреациялық аймақтар, әкімшілік және қызметтік бөлмелер, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету және инклюзивті қолдау блоктары кіреді.
Ғимарат құрылымында жаратылыстану пәндерін, STEM бағытын, робототехниканы, шығармашылық және технология пәндерін оқытуға арналған арнайы кабинеттер, спорт залдары, шеберханалар, кітапхана, асхана және қызметтік үй-жайлар қарастырылған. Жобада мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді қозғалыс жолдары мен санитарлық тораптар қамтамасыз етілген.
Тапсырыс беруші: «Жетісу облыстық құрылыс басқармасы» ММ.
Бас жобалаушы: «А Строй Проект» ЖШС.