Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің шаруашылық бөлімінің бас маманы бос орнына конкурс жүргізу туралы хабарландыру

2025-11-21
«Мемсараптама» РМК-нің шаруашылық бөлімінің бас маманы бос орнына конкурс жүргізу туралы хабарландыру

«Мемсараптама» РМК-нің шаруашылық бөлімінің бас маманы бос орнына конкурс жүргізу туралы хабарландыру

1) Бос орынның атауы – шаруашылық бөлімінің бас маманы.

2) Орналасқан жерін, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК), Астана қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат, тел.: 23-50-28.

3) Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні және уақыты – құжаттар 2025 жылғы «28» қараша сағат 18.00-ге дейін aidrisova@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс.

4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларға сәйкес белгіленетін конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар.
Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы:

Бөлімшеге жүктелген міндеттерді тиімді орындау.
Білімге қойылатын талаптар: жоғары техникалық немесе экономика және қаржы саласындағы жоғары білім.
Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. болуына қойылатын талаптар: жоқ.
Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: мамандығы бойынша кемінде 2 жыл немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Басшы позицияларында: талап етілмейді.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері;
- азаматтық заңнама және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама негіздері;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары»;
- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- осы санаттағы нақты мамандыққа сәйкес мамандандыру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері.
Келесі құжаттарды білуі:
- Кәсіпорын Жарғысы;
- Кәсіпорын бағдарламалары мен даму жоспарлары;
- Кәсіпорын бұйрықтары, өкімдері және өзге де директивтік құжаттары;
- Құрылымдық бөлімше туралы ереже;
- Осы лауазымдық нұсқаулық.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
1) келіссөздер жүргізу дағдысы;
2) іскери хат-хабар алмасу дағдысы;
3) іскери қатынас дағдысы;
4) командада жұмыс істеу.
Функционалдық міндеттері:
1) Кәсіпорынды өндірістік қызметі үшін қажетті барлық материалдық ресурстармен уақытында қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
2) өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларына сәйкес әкімшілік ғимарат пен оған іргелес аумақты күтіп ұстауды және шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ жабдықтардың (лифттер, жарықтандыру, жылыту және желдету жүйелері және т.б.) жұмысқа жарамдылығын бақылауға, аумақты абаттандыру, көгалдандыру және тазалауды ұйымдастыруға қатысу;
3) жиналыстарды, отырыстарды, семианарларды ұйымдастыруға, жылдық және ағымдағы жұмыс жоспарларын жасауға қатысу;
4) үй-жайларды жөндеуді ұйымдастыруға қатысу және жөндеу жұмыстарын орындау сапасын бақылауды жүзеге асыру;
5) азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар іс-шараларын ұйымдастыруға қатысу;
6) Шаруашылық құрал-саймандардың сақталуын, оны қалпына келтіруді және толықтыруды қамтамасыз ету;
7) Белгіленген нормаларға сәйкес арнайы формалар мен кәсіпорынның материалдық құндылықтарын тиімді пайдалануды бақылауды қамтамасыз ету;
8) Ұйымның негізгі қорларын (ғимараттар, сумен жабдықтау жүйелері, ауа өткізгіштер және басқа да құрылыстар) ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеуге және кәсіпорын шаруашылық шығындарының сметасын дайындауға қатысу;
9) Белгіленген мерзімде даму жоспарын қалыптастыру үшін бөлімше туралы ақпаратты жинау және ұсыну;
10) Орындалатын функцияларға (техникалық сипаттамаларды, бюджетті, қабылдау-тапсыру актілерін, есептілікті дайындау) сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға қатысу;
11) кәсіпорынның әкімшілік және өндірістік персоналының жұмыс орындарының тиісті түрде күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;
12) іссапарларға келетін адамдардың делегацияларын қабылдау және қажетті қызметтерді көрсетуді ұйымдастырады;
13) үй-жайдағы жабдықтардың (жарықтандыру, жылыту, желдету, сантехника және т.б.) жұмысқа жарамдылығын бақылайды;
14) көлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады және жөндеу жұмыстарының сапасын бақылайды;
15) көлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады және жөндеу жұмыстарының сапасын бақылайды;
16) кәсіпорынның қызметтік және кезекші көліктерінің үздіксіз жұмыс істеуін және дұрыс пайдаланылуын бақылауға қатысады;
17) бөлімге қатысты мәселелер бойынша хат алмасуды жүргізеді;
18) Кәсіпорын басшылығының нұсқауларын орындайды;
19) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының, Кәсіпорынның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының, Кәсіпорын жұмыскерлерінің мүдделер қақтығысы туралы ереженің және Кәсіпорынның парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің талаптарын сақтайды.
20) Бөлімнің құзыретіне енетін басқа да функциялар.
5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат);
3) білімі туралы құжат, диплом көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) түйіндеме;
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК-нің жұмыс істеп жүрген жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына Жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы өтініш (еркін нысанда) береді.
Егер ішкі іріктеу нәтижелері бойынша бос лауазымға үміткер анықталмаса, сыртқы конкурстық іріктеу жүргізіледі.
Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) 2025 жылғы «01» желтоқсан – кандидаттардың өтініштерін қарастыру;
2) 2025 жылғы «02» желтоқсан – кандидаттармен әңгімелесу және конкурстың қорытындысы.
Конкурсқа қатысушылар және үміткерлер конкурстық құжаттармен оларға қатысты бөлігінде таныса алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс нәтижелеріне шағымдануға құқылы.