Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК Павлодар қаласында салынатын «Павлодар қаласындағы мұз спорт сарайы» жобасы бойынша оң қорытынды берілгенін хабарлайды.
Жобада екі қабатты мұз спорт сарайын салу көзделген, оның құрамына әкімшілік блок және мұз манежі кіреді. Нысан жасанды мұзбен қамтамасыз етілген оқу-жаттығу және көрсетілім сабақтарын өткізуге, сондай-ақ республикалық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға арналған.
Жобаның негізгі сипаттамалары:
• Трибуналар: 500 көрермен орны
• Мұз аймақтары: 400 м конькимен жүгіру жолы, екі хоккей алаңы, керлингке арналған 3 алаң
• Функционалдық үй-жайлар: киім ауыстыратын бөлмелер, тренажер және фитнес залдары, төрешілік және әкімшілік бөлмелер, техникалық орындар
• Спортшылар контингенті: тәулігіне 672 адамға дейін
• Инфрақұрылым: 96 орындық асхана, кафетерий, медициналық пункт, мүгедектігі бар адамдарға арналған орындары бар кең автотұрақ, абаттандырылған аумақ
Тапсырыс беруші: «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» ММ.
Бас жобалаушы: «Қазақ энергетика және байланыс ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС.