Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-ның Солтүстік өңірі бойынша филиалы директорының орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

2025-11-04
«Мемсараптама» РМК-ның Солтүстік өңірі бойынша филиалы директорының орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Мемсараптама» РМК-ның Солтүстік өңірі бойынша филиалы директорының орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

1) Бос лауазымның атауы - филиал директорының орынбасары.
2) Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Солтүстік өңірі бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал). Көкшетау қаласы, Р.Қошқарбаев көш., 61А, телефон: +7 (7162) 55-10-13.
3) Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты – құжаттар 2025 жылғы «10» қарашаны қоса алғанда, сағат 18.00-ге дейін a.kurmanaliyeva@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайына ұсынылуы тиіс.
4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес айқындалатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар

Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы:
Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған мемлекеттік монополияға жататын құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша филиалдың қызметін бақылауды және үйлестіруді қамтамасыз ету.

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 8 жыл, оның ішінде жобалау ұйымдарында және/немесе сараптама қызметі саласында жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, басшы лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі;
- ҚР «Экологиялық кодексі»;
- Азаматтық заңнама және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама негіздері;
- Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасының негіздері;
- «Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы;
- «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы;
- «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңы;
- «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары»;
- «Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидалары»;
- «Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидалары»;
- «Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидалары».
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары»;
- осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін;
- филиалдың қызметін реттейтін кәсіпорын мен филиалдың жарғысы, ережесі, ішкі құжаттары;
- осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалдық міндеттер:
1) мемлекеттік монополияға жатқызылған құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мәселелері бойынша филиалдың қызметін бақылауды және үйлестіруді қамтамасыз етеді;
2) филиалдың перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
3) құрылыс жобаларының сараптамалық жұмыстарын орындау бойынша Тапсырыс берушілермен, жобалаушылармен, сарапшылармен өзара қарым-қатынас мәселелерін шешуді жүзеге асырады;
4) филиал басшылығының бекітуі үшін сараптама тобын қалыптастыруды келіседі және бақылауды жүзеге асырады;
5) ВКСБАЖ кешенді ведомстводан тыс сараптама процестерінің мерзімдерін бақылайды;
6) Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі №299 Бұйрығымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған мемлекеттік монополияға жататын құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын және ПП ГЭ. 08-2020 қатаң ұстана жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
7) ТЭН мен ЖСҚ түпкілікті редакциясының уақтылы қалыптасуын және кәсіпорынның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алған ТЭН мен ЖСҚ жиынтығының электрондық нұсқасына сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбаларымен олардың түпкілікті редакциясында қол қойылуын бақылайды;
8) сараптамалық қорытындылар сипаттамасының сапасын талдайды және бағалайды, сараптамалық қорытындылардың сапасын арттыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
9) кәсіпорынның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындыларына қол қояды;
10) жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жүргізу кезінде сарапшыларға консультациялық көмек көрсетуді үйлестіреді, оның ішінде сараптама объектілері бойынша сараптамалық жұмыстарды орындау кезінде туындайтын мәселелерді шешу және талқылау үшін жекелеген мамандарды шақыра отырып, техникалық кеңестер өткізеді;
11) филиалдың бірыңғай ақпараттық кеңістігін құруға, филиалдың ақпараттық қауіпсіздігіне және ақпараттық қамтамасыз етілуіне қатысады;
12) филиалдың веб-сайтында интерактивті картаны мерзімді жаңартуды қамтамасыз етеді;
13) құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің уақтылы қаралуын бақылайды;
14) Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың, кәсіпорын және Филиал басшылығының тапсырмаларының мерзімінде орындалуын бақылайды;
15) филиал басшылығына филиал қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
16) өз құзыреті шегінде әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады;
17) филиал қызметкерлерінің оқыту іс-шараларына қатысуын қамтамасыз етеді;
18) бұйрық негізінде филиал директорының міндетін ол болмаған кезеңде атқарады;
19) еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасы жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
20) мемлекеттік сарапшылардың Ар-намыс Кодексінде белгіленген қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
21) жобаларды сараптау кезінде құпиялылық қағидатының сақталуын қамтамасыз етеді;
22) Ақпараттық қауіпсіздік туралы Ереже талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
23) кәсіпорынның сапа менеджменті жүйелерінің процестерін жұмыс жағдайында ұстауды қамтамасыз етеді;
24) кәсіпорын Жарғысында, Филиал туралы ережеде, жобаларға сараптама жүргізу мәселелері бойынша филиалдың ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды орындайды.

5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
- «Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалы директорының атына еркін нысанда өтініш;
- қоса берілген нысан бойынша қызметтік тізім;
- жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат);
- білім туралы құжаттың көшірмесі;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- басқарушылық функцияларды орындауға байланысты лауазымға сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- түйіндеме.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) 2025 жылғы «11» қарашаға дейін – үміткерлердің өтінімдерін қарау;
2) 2025 жылғы «12» қараша – үміткерлермен әңгімелесу;
3) 2025 жылғы «13» қараша-конкурс қорытындысы.

Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер оларға қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.