Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-ның Солтүстік өңірі бойынша филиалы директорының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

2025-11-04
«Мемсараптама» РМК-ның Солтүстік өңірі бойынша филиалы директорының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Мемсараптама» РМК-ның Солтүстік өңірі бойынша филиалы директорының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

1) Бос лауазымның атауы – «Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының директоры
2) Орналасқан жерін, почталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК), Астана қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат, тел.:
23-50-28.
3) Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні және уақыты – құжаттар 2025 жылғы «10» қарашаға дейін сағат 18.00-ғе дейін aidrisova@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайына ұсынылуы тиіс.
4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларға сәйкес белгіленетін конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар.
Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған құрылыс жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттар) ведомстводан тыс кешенді сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ қаржыландыру көздеріне қарамастан және қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгерту (реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту және күрделі жөндеу) мәселелері бойынша мемлекеттік монополияға жатқызылған филиалдың қызметіне басшылық жасау және бақылау жасау.
Білімге қойылатын талаптар: сәулет/құрылыс/техникалық мамандықтар бойынша жоғары кәсіптік білім.
Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуына қойылатын талаптар: жоқ.
Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
Мамандық бойынша еңбек өтілі кемінде 8 жыл және/немесе жобалар сараптамасы (ТЭН және ЖСҚ) саласында кемінде 5 жыл.
басшы позицияларында: кемінде 5 жыл.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
Келесі нормативтік құқықтық актілерді білуі тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚРК;
«Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» ҚРК;
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚРЗ;
- «Құқықтық актілер туралы» ҚРЗ;
- «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚРЗ;
- «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚРЗ;
- «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚРЗ;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ;
- «Мемлекеттiк сатып алу туралы» ҚРЗ;
- Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негіздері;
- Азаматтық заңнама және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама негіздері;
- «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары»;
- «Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидалары»;
- «Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидалары»;
- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары»;
- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істер жөнiндегі уәкілетті мемлекеттiк орган туралы ереже»
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
- осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
1) Персоналды басқару дағдылары;
2) Өкілеттіктерді беру дағдылары;
3) Командалық жұмыс;
4) Стресске төзімділік;
5) Көшбасшылық және басқарушылық тиімділік;
6) Қарым-қатынас дағдылары;
7) Келіссөздер жүргізу және кездесулерді ұйымдастыру дағдылары;
8) Іскерлік жазу дағдылары;
9) Жобалау және сметалық құжаттамамен жұмыс дағдылары;
10) Сендіру арқылы дәлелдеу дағдылары;
11) Жұмысты жоспарлау және жүзеге асыру дағдылары, шешімдердің анықтығы мен сенімділігі;
12) Тайм-менеджмент (жұмыс уақытын басқару);
13) Өзін-өзі бақылау және әділдік;
14) Заманауи менеджмент (басқару) негіздерін білу және оларды іс жүзінде қолдана білу.
Функционалдық міндеттері:
1) Филиалды Қазақстан Республикасының заңнамасында, «Мемсараптама» РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) Жарғысында, Филиал туралы ережеде және Кәсіпорын берген бас сенімхатта анықталған құзыретіне сәйкес басқаруды жүзеге асырады;
2) Кәсіпорын қалыптастырған саясаттың орындалуын қамтамасыз етеді және Кәсіпорын басшылығының бұйрықтары мен нұсқауларын орындайды;
3) Филиалдың қаржылық-шаруашылық қызметі мен мүлкінің сақталуы үшін жеке жауапкершілік жүктеледі;
4) Филиалда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру үшін жеке жауапкершілік жүктеледі;
5) Кәсіпорын атынан әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;
6) Филиалдың қызметі саласында оның атынан әрекет етеді және мемлекеттік органдар мен заңды тұлғаларда Филиалдың мүдделерін білдіреді, тиісті құжаттарды қарастырады және қол қояды;
7) Филиалдың мүлкіне заңмен және Кәсіпорын белгілеген тәртіпте билік етеді;
8) Заңнама және Кәсіпорын белгілеген тәртіппен келісімшарттар жасайды және басқа да мәмілелер жасайды;
9) Заңнама және Кәсіпорын белгіленген тәртіпте сенімхаттар береді;
10) Заңнама және Кәсіпорын белгіленген тәртіпте банк шоттарын ашады;
11) Филиалдың барлық жұмыскерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді, соның ішінде Филиалдың жұмысын ұйымдастыруға байланысты мәселелер бойынша Заңнама және Кәсіпорын белгіленген тәртіпте бұйрықтар мен нұсқаулар береді;
12) Компания басшылығына бас бухгалтер қызметіне тағайындау және қызметінен босату үшін кандидаттарды ұсынады;
13) Филиал жұмыскерлерін жұмысқа қабылдайды және еңбек шарттарын бұзады, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында, Кәсіпорын Жарғысында және Филиал туралы ережеде басқаша көзделмесе, оларға ынталандыру шараларын қолданады және жаза қолданады;
14) Филиалдың барлық басқарушы жұмыскерлерінің құзыретін белгілейді, олардың жұмысын бақылайды және үйлестіреді;
15) Филиалдың жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, Филиалдың операциялық қызметіне байланысты мәселелерді шешеді және Филиалдың құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
16) Филиалдың қызметіне қатысты мәселелер бойынша Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің бастықтарымен жедел өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
17) Филиалдың қызметінің нысанасы болып табылатын жобаларды ведомстводан тыс кешенді сараптамасын өткізуді ұйымдастырады;
18) Филиалдың қызметінің нысанасы болып табылатын қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) ведомстводан тыс кешенді сараптамасының қорытындыларына қол қояды;
19) жоғары тұрған мемлекеттік органдардың нұсқауларының уақытында орындалуын және азаматтар мен ұйымдардың шағымдары мен өтініштерін өз құзыреттері шегінде қарастыруды бақылайды;
20) Филиал жұмыскерлерінің оқыту іс-шараларына қатысуын қамтамасыз етеді;
21) Филиалдың тәртіптік комиссиясының қызметіне қатысады;
22) жобаларды бағалауды жүргізу мәселелері бойынша Кәсіпорын Жарғысында, Филиал туралы ережесінде және Филиалдың ішкі құжаттарында көзделген басқа да функцияларды орындайды.
5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
- «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш;
- жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат);
- білімі туралы құжаттың көшірмесі;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- түйіндеме.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК-нің жұмыс істеп жүрген жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына Жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы өтініш (еркін нысанда) береді.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) 2025 жылғы «11» қараша – кандидаттардың өтінімдерін қарастыру;
2) 2025 жылғы «12» қараша – кандидаттармен әңгімелесу;
3) 2025 жылғы «13» қараша – конкурс қорытындылары.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.